zhanar_utesheva
Sep 24
1.7K
8.8%
Талантты әнші және керемет адам. Кеше өмірімде бірінші рет жанды дауыста орындалған әлемдік деңгейдегі концертке бардым. Бұлай мені ынталандырған, әрине, Димаш.
Өзіне өте көп нәрсе айтқым келеді. Әуелі, жекпе-жекте бізбен бірге болғаны үшін алғыстан бастайын.
Өз басым оның біздің жекпе-жектің алдында әнұранды шырқағанын көптен күттім. Бұл – еліміздің даңқын асқақтатып, өнерімен әлемді таңқалдырып жүрген ғажап дарын иесі. Дәл чемпионымыз сияқты. Осыған дейін жоспарымызды іске асырудың сәті түспеді. Бірақ осы жолы трилогия болғандықтан, өз елінің қос тұлғасын бір сахнада/рингте көрсетудің ең оңтайлы сәті болды. Және мен осы күні еліміздің әнұранын орындауға лайық басқа адамды білмеймін.
Күні кеше концерттің масштабы қандай ауқымды екеніне қарап, өз концертіңнің алдында тәуекелге бас тігіп, Вегасқа ұшып келгеніңе таң қалдым, рас. Сондай талантты жанға сүйсініп, кеудемде әлі де мақтаныш сезімі кернеп отыр. Кеше орындалған әрбір ән жүрегімізге жетті. Шыны керек, Apple Music-тегі бар әндердің бәрін жүктеп алдым))
Ұшып келгеніңе рахмет, Димаш. Ештеңеге қарамастан, бірден келісім беріп, бізге қосылғаныңа рахмет. Вегасқа қарағанда жолға көп уақыт кетті. Соған қарамастан келгеніңе рахмет. Командаңды тастап, жеке концертіңнің алдында дайындығыңнан қалып, жаныңда ешбір сүймелдеусіз жалғыз келгеніңе қарамастан, ұшып келгеніңе рахмет. Әлемдік шоу-концерттің алдында маңызды репетиция жүріп жатқанына қарамастан, бізбен бірге болғаныңа рахмет.
Кешегі концертінің сәтті өтуімен тағы да құттықтаймын! Осы маңызды күнін сенімен, сенің командаңмен, отбасыңмен өткізуге бақыт бұйырды. Соған да рахмет! Бүгін шығатын видео-клиптердің ішіндегісі орны бөлек The Story of One Sky туындысының тұсаукесері сәтті болғай🙏🏻
Бәрі үшін рахмет. Мен сенің талантыңа бас иемін және өзіңе деген құрметім шексіз.
Концерттің 📸 @izturgan.photo
Рингтегі 📸 - @hoganphotos
zhanar_utesheva
Sep 24
1.7K
8.8%
Cost:
Manual Stats:
Include in groups:
Products:
