1.4K
21K
30.7%
Құрметті достар, Алланың қалауымен поэзия кешінде @kausartravel кешке келетін қонақтардың ішінен, қажылыққа сертификат ойнатамыз деген болатын!🕋🤲🏻 Бір күн бұрын билет сатып жатқан адамға хабарласып: - қанша билет сатылды? дегенде, - жартысына жетпей жатыр...😞 деп айтқан болатын! Менің көңіл-күйім түсіп, құптан намазын оқып болғаннан кейін, Алладан ертеңге дейін барлық билеттердің өтуін тілеп, сұрадым және Аллаға тәуекел еттім!🤲🏻🥰 Жарты сағаттан прямой эфирге кірсем, @makebaichik01 @nursu7tan__ екеуі запрос жіберді. Ойда ештеңе жоқ қостым, әңгімелесіп отырдық, сәлден соң Медет мырза маған осындай ұсыныс жасады: - Абеке, ертең кешіңізде Қажылыққа сертификат ойнатсақ қалай қарайсыз?☺️ Менің реакциям, өзіме тағыда Қажылыққа сертификат сыйлағандай сезімде болдым!😱 Сүйтіп, ертеңгі күні поэзия кешіне барлық билеттер сатылып, кештен кейін, келген адамдардың арасынан нөмірлер таратып, әділ жолмен Ғазиза ханымға Алланың шақыртуын табыстадық!😍🤲🏻 Аллаһ ҰЛЫҚ! Менің дұғамды қабыл етіп, бірінші поэзия кешін барынша Хайырлы өтуіне нәсіп етті! @kausartravel ұжымына, @makebaichik01 мырзаға үлкен алғысымды білдіремін! Алла істеріңізге береке, шексіз сауап нәсіп етсін!🤲🏻❤️☺️
1.4K
21K
30.7%
Cost:
Manual Stats:
Include in groups:
Products: