ktf.kz
Nov 16
497
2.22%
Қазақстандық жас теннисшілер Европда топ жарды 🔝
🎾 Қазақстандық Жантөре Санжарұлы 12 жасқа дейінгілер арасында Грекияда өткен екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды.
🎾 Жантөре кипрлік Михаэл Гинетлумен бірге жұптық сында финалда намибиялық Исраэл Дове - грекиялық Рафаэль Пагонисті жеңді - 7:6, 6:3.
🎾 Жекелей сында да финалға жеткен Санжарұлы соңғы бәсекеде аустриялық Морис Фрейтагқа жол берді - 1:6, 2:6.
🎾 Тағы бір қазақстандық Ева Корышева Испанияда Рафаэль Надаль академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы осындай жарыста жұптық сында финалға дейін жетті. Ол Швейцария өкілі Луана Каппельмен бірге титул үшін бәсекеде аса тартысты матчта италиялық Костанца Рикон - аустралиялық Элен Хиршиге есе жіберді - 6:1, 3:6, 8:10.
Ресми серіктес - «TASSAY» ауыз суы.
ktf.kz
Nov 16
497
2.22%
Cost:
Manual Stats:
Include in groups:
Products:
